Сочи шипажайы – қазақстандықтар үшін!
- Подробности
- Просмотров: 14871
Үстіміздегі жыл қазақ елі үшін ғана емес, Ресей мен басқа да көптеген елдер үшін ауыр сынақ болып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзіміз бен жақындарымыздың денсаулығына елдік тұрғыдан баса мән беру керектігімізді сезіндірді. Енді Сочи шипажайының денсаулықты күтіп -баптауда қандай жаңашылдық жүйе, әдістері бар және олардың қаншалықты тиімді екеніне кеңірек тоқталсақ.
Бірнеше минут уақыт бөліңіз!
версия статьи на русском языке - здесь!
Сочи – Ресейдің басты шипажайы!
Осыдан 130 жыл бұрын құрылған атақты шипажайды көпшілік қара теңіз жағасында қыздырынып, шомылып және жазғы демалысын барынша қызықты өткізуге болатын жер ретінде біледі. Мұның бәрі қазір де бар, әрине, бірақ оның басты бағыты – келушілердің денсаулықтарын нығайту, бір жылғы тынбай еткен еңбектен кейін адамның деніне саулық сыйлайтын Шипажай жыл он екі ай ең төмен бағалармен ең сапалы қызмет түрлерін көрсетеді.
Сочи шипажайының негізгі артықшылықтары:
- Ғажайып климаты, жыл он екі ай жылы ауа-райы;
- Оттегіне өте бай, таза, саф ауа;
- Посткеңестік елдер ішіндегі Таяу және Орта шығыс елдері, Балтық пен Батыс Еуропа елдерін қоса есептегенде қазан айынан сәуір айына дейінгі ең үлкен жыл бойына жасыл кеңістік
- Мацеста емдік ыстық бұлақтары;
- Мықты емдік базасы қалыптасқан жүзге тарта әйгілі және танымал санаторийлер;
Соңғы он екі жылда Сочи шипажайын абаттандыруға 50 миллиард доллар қаржы салынғанын әлемдік масштабтағы айтулы оқиға ретінде атап өтуге болады. Осының арқасында адам сенбестей ажарлана түскен қала жоғары сапалы қалалық және шипажайлық инфрақұрылымға ие. Тақтайдай тегіс жолдар мен жолайрықтар, ерекше күтімде болып құлпырған саябақтар мен жағалаулар, спортпен шұғылдануға және демалуға арналған орындар келушілердің көңілдерінен шығатыны анық.
Сочи шипажайында емделуге кеңес берілетін негізгі денсаулық проблемалары:
- Асқынған шаршаңқы күй, күш-қуаттың төмендеуі, түңілу;
- Күйзеліс, ашушаңдық, нашар ұйқы;
- Мойын мен арқадағы және буындардағы ауырсынулар;
- Ас қорыту органдарының дұрыс жұмыс істемеуі;
- Жүрек пен қан тамырларының аурулары;
- Қант диабеті мен өт жолдарының қызметінің бұзылуы;
- Тыныс алу органдарының аурулары, жиі суық тию мен әлсіз иммунитет;
Әрине, емдік бағыттардың тізімі бұдан әлдеқайда көп ( әйелдердің, еркектер мен жас балалардың, егде тартқан адамдардың денсаулықтарының бөлек-бөлек мәселелері болуы мүмкін), бірақ осы жоғарыда біз көрсеткен негізгі бағыттардың өзі Сочидегі жақсы санаторийге барып, денсаулықты түзеп қайту – әр қазақстандық үшін өзекті болатынына сенімдімін.
Жолдама құны тәулігіне – 1900 рубль
Ең тартымдысы бұл соманың ішіне тек хауызы мен әдемі саябағы бар теңізге төте жолдың бойындағы жақсы санаторийде тұрғаныңызға қосымша «Швед үстелі» жүйесі бойынша күніне үш мезгіл тамақ пен емшаралар мен білікті дәрігерлердің ақыл-кеңестері де кіреді.
Баға мәселесіне біз тағы қайта айналып соғамыз, әзірге біз туристерге біздің компаниямен жұмыс істеудің артықшылықтарына тоқталасақ.
«Саламатты әлем – Сочи» - Емдеу және сауықтыру туризмі саласындағы көшбасшы!
Біздің компания он сегіз жылдан аса Ресейдің оңтүстігіндегі, соның ішінде Сочи мен Красная Поляна, Анапа мен Геленджик, Кисловодск, Ессентуки, Железноводск және Абхазия мен Қырым шипажайларындағы емдік және сауықтыру туризмі және емделу үшін берілетін жолдамалар мен сауықтыру мен spa-бағдарламалар мәселелерінде маманданған қабырғалы ұжым.
Әрине біз Еуропа мен Азия құрлықтарының негізгі шипажайларымен өте сәтті серіктестік байланыстамыз, бірақ біздің мамандар дәл осы Ресейдің оңтүстігі бойынша таңқаларлық біліктіліктерге ие екендігін, әлемнің үздік емдеу, бальнеологиялық орталықтары мен сауықтыру кешендерімен байырғы әріптестік байланыстарымыздың болғаны біздің компанияның әлеуетін одан сайын күшейте түсетіні анық.
Біздің компаниямыздың негізін қалаушы, санаторий мен шипажайлар саласы бойынша ең танымал сарапшы маман – Дмитрий Владимирович Богданов – Ростуризм федералдық агенттігінің қоғамдық кеңесіне мүше!
Біздің компания Ресей Федерациясының туроператорларының ресми тізіліміне енген және Ресей заңдарына сәйкес барлық кепілдікті береді!
Сочи, Анапы, Крыма және Абхазияның қонақ үйлері мен санаторийлеріне жолдамалардың бағаларын сұраныс бойынша бірден жібереміз!
Орналасу нысанын таңдаған кезде көптеген фактор маңызды. Дейтұрғанмен арзымайтын жүз, екі жүз сом үшін шын мәнінде сізге жан рахатын сыйлайтын нұсқаларды назарыңыздан тыс қалдырмаңыз. Жайлылық пен биік талғам үшін қосымша шығынға барсаңыз да өкінбейсіз.
Біздің сарапшы мамандар алдағы демалыс науқанында және шипажайлардағы емдік шаралар кешеніне барудың алдында бірқатар маңызды факторларға назар аударып, мынадай дем алу мен ем алудың қыр-сырын ескеру керек деп кеңес береді:
- Нысанның сіздің және отбасыңыздың (балаларға қызметті қосқанда) мүшелерінің талап- тілектерін қаншалықты қанағаттандырады?!
- Нысанда қызмет көрсету деңгейі, номерлердің жайлылығы мен инфрақұрылым қандай?
- Теңізден қашықтығы және сол нысандағы хауыздың бар-жоқтығы?
- Сауықтыру және емдік шараларды қабылдау мүмкіндігі?
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған қызметтің бар-жоқтығы?
- Әуежай мен теміржол вокзалынан арақашықтығы?
- Сапардан бас тарту және келетін күндерге өзгерту енгізу шарттары? Бас тартқаның үшін салынатын айыппұлдың бар-жоқтығы?
- Сіз баратын қонақ үй немесе шипажайда кімдер, қандай әлеуметтік топтағы адамдар орналасады?
Осы факторларды ескергеннен кейін ғана сізге ұсынылған баға әділ ме, жоқ әлде сізге басқа орын іздеу керек па деген сұраққа жауап бере аласыз.
Біз Сізге керекті қонақ үй мен шипажайды таңдаудың келесі алгоритмін ұсынамыз:
- Демалуға және шипажайлық ем алуға деген өзіңіздің талап-тілектеріңізді түзіңіз;
- Өзіңізге керекті шипажай бойынша бағаларға шолу жасауды сұраңыз;
- Біздің менеджерден отбасыңызға ыңғайлы күнге жолдаманы есесптеп беруін сұраңыз;
- Жолсапарға керегінше өзгерістер енгізіңіз;
- Алдын ала қамданып, төлемін төлеп, демалып, ем алуға тартып кетіңіз!
Біздің мамандар Сочи мен Анапада орналасқан көптеген қонақ үйлер мен шипажайлардың бағаларына шолу жасап отырады. Оның ішінде «Бәрі қосылған» деген қызмет түрлері де бар. Сонымен қатар, біз жекелеген нысандар бойынша да бағалары туралы шолу жасай аламыз. Мәселен, «Бургас» маусым айында жай ғана жақсы пансионат ретінде жұмыс істесе, шілдеде «Бәрі қосылған» деген жүйе бойынша жұмыс істейді. Тиісінше бағалары да екі түрлі.
Бағаларды мына жерден білуге болады:
- Сочи мен Адлер шипажайларының бағаларына шолу;
- Кисловодск, Ессентуки, Железноводск шипажайларының бағаларына шолу ;
- «Знание», шипажайынан (Сочи қаласы) «8 жасқа дейінгі балаларға тегін!»;
- Сочи, Анапа, Геленджик қалаларындағы «Бәрі қосылған» жүйесімен жұмыс істейтін қонақ үйлердің бағаларына шолу;
Қазіргі кезде біздің мамандар Сочи, Анапа, Геленджик, Қырым, Абхазия, КавМинВод шипажайлары бойынша 20-ға тарта шолу дайындап қойды.
Шипажайлардың бағаларына және Сіздің отбасыңызға ыңғайлы күнге жолдама алуға байланысты толыққанды ақпараттар алу үшін біздің байланыс деректерімз: тел./whatsapp +7 (902) 408-66-60 немесе +7 (918) 409-83-05.
P.S.
Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарын, туристік фирмаларды және бизнес-ұйымдарды әріптестік байланыстар орнатуға, Сіз бен Біздің клиенттеріміздің, қызметкерлеріміздің демалысын, сапалы ем алуын бірге ұйымдастыруға шақырамыз!